2020 жылғы 1 қазанда «Қазақстан волонтёрлар лигасы» Павлодар облыстық филиалы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-пен бірге Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Инновациялық Еуразия университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жастар арасында волонтерлік брендті танымал етуге арналған «АШЫҚ ЖҮРЕК» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.