2020 жылдың 17 қазанында «Қазақстан волонтёрлар лигасы» Павлодар облыстық филиалы жастар арасында волонтерлік брендті танымал ету мақсатында «Ашық жүрек» жобасы бойынша волонтерлер қатарына қосылу рәсімін өткізді.

«Қазақстан волонтёрлар лигасы» Павлодар облыстық филиалының төрағасы Карина Асланқызы «Қазақстан волонтёрлар лигасы» презентациясын ұсынды.

Іс-шараның барысында көшбасшылар мен ең белсенді еріктілер алғыс хаттармен марапатталды.

Жастар арасында волонтерлік брендті танымал етуге арналған «АШЫҚ ЖҮРЕК» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.