Іс-шарада белсенді волонтерлерге имидждік футболкалар, ерекше белгілер және «Ашық жүрек» сертификаттары берілді.

Волонтерлерді «Қазақстан волонтерлер Лигасы» ҚҚ ресми кіруімен құттықтаймыз. Волонтерлық қозғалысты дамытуға білдірген қызығушылықтары мен бастамалары үшін алғыс білдіреміз. Әрқайсыңызға халқымыздың игілігі үшін өсіп, жемісті еңбек етуді тілейміз.

Жастар арасында волонтерлік брендін танымал етуге бағытталған «Ашық жүрек» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.