2020 жылдың 19 қыркүйегі сағат 18:00-де жастар арасында волонтерлық брендті дәріптеуге бағытталған «Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау тоқтатылды. Шарт бойынша liga.org.kz порталында тіркеліп, «жеке кабинетте» өтініш беру қажет еді. Аталмыш жоба бойынша 600-ден аса жоба жұмыстары жіберілді. Өтініштер «BIRGEMIZ» жалпы ұлттық жобасының келесі 7 бағыты бойынша қабылданды: Saylyq, Umit, Bilim, Taza alem, Asyl mura, Sabaqtastyq, Qamqor.

«Ашық жүрек» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Қатысушылардың өтініштері сайыс комиссиясының мүшелерімен қарастырылу басқышында, оған: «Қазақстан волонтерлар Лигасы» ҚҚ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ волонтерлық қызметіндегі мамандар кіреді. Сайыс нәтижесі 2020 жылдың 25 қыркүйегінен кейін жарияланады. «Ашық жүрек» шағын гранттарының жүлдегерлері 107 қатысушы болмақ.

«Ашық жүрек» жобасы аясындағы волонтерлық бастамаларды қолдауға бағытталған Республикалық шағын гранттар байқауын өткізу жайлы құжат liga.org.kz сайтына салынды. #cisc2020 #qogamgov #ashyqjúrek #VolonterJyly_kz #ГодВолонтера_kz #VolunteerYear_kz #Birgemiz #volonter2020