Күзгі көңіл-күйді мәңгі есте сақтау үшін Ақтөбе волонтерлер лигасы Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін тегін фотосессия өткізді.

Іс-шара «Ашық жүрек» жобасы аясында «Birgemiz: sabaqtastyq» бағыты бойынша ұйымдастырылады. Балалары бар көптеген отбасылар түрлі-түсті, күзгі естелік суретке түсті!

Жастар арасында волонтерлік брендін танымал етуге бағытталған «Ашық жүрек» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.