2020 жылдың 4 қыркүйегінде «Ашық жүрек» жастар арасында волонтерлық брендті танымал етуге бағытталған жобасының аясында волонтерлық бастамаларды қолдау мақсатында республикалық шағын гранттар конкурсы жарияланған болатын.

Шарттарға сәйкес, liga.org.kz порталында тіркелу және «жеке кабинетте» өтініш жіберу керек болды. Қатысуға өтініш білдіру қатысушының шағын гранттар жайлы құжатында қарастырылған талаптар мен шарттарға келісімін білдіруі еді. Жобалар «Birgemiz» халықты волонтерлық қозғалысқа тартудың ұтымды механизмдері мен оңтайлы шартнамаларын жасау арқылы волонтерлықты жүйелі дамытуға жол ашатын Волонтер жылының тұжырымымен сәйкес келуі тиіс еді.

Шағын гранттар сайысына жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатыса алды.

Өтініштер «BIRGEMIZ» жалпы ұлттық жобасының келесі 7 бағыты бойынша қабылданды: Saylyq, Umit, Bilim, Taza alem, Asyl mura, Sabaqtastyq, Qamqor.

Конкурстың негізгі мақсаты азаматтардың әлеуметттік шараларды ұйымдастыруға қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ азаматтар мен волонтерлардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі жеке күш-қайраттары мен бастамаларына қолдау көрсету болды.

2020 жылдың 19 қыркүйегі сағат 18:00-де «Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау тоқтатылады. Жалпы 600 жоба жұмыстары жіберілді. Қатысушылардың өтініштері сайыс комиссиясының мүшелерінің мұқият қарастырылымынан өтті, оған: «Қазақстан волонтерлар Лигасы» ҚҚ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ волонтерлық қызметіндегі мамандар кірді. Сайыс комиссиясының шешімінің қорытындысы бойынша басымдық аймақтағы бұрыннан бар мәселелерді түбірімен өзгертетін жобаларға берілді.

107 жеңімпаздың тізімі liga.org.kz сайтында жарияланды.

«Қазақстан волонтерлар Лигасы» Қоғамдық қоры конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды. Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасында волонтерлық қозғалысты дамытуға білдірген қызығушылықтары мен бастамалары үшін алғыс білдіреді. Әрқайсыңызға еліміздің игілігі үшін өсіп, жемісті еңбек етуді тілейді.

Жастар арасында волонтерлік брендін танымал етуге бағытталған «Ашық жүрек» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.